Қазақша реферат: Агроөнеркәсіп кешені

0

Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.
Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.
Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.
Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.
Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен ширектен астам артық.
Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажетті препараттар алуға мүмкіндік бердi.
Мал шаруашылығында да оңды нәтижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсіп келедi. Ет пен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты.
Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды.
Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңіл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз.
Агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды

Елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешу үшін заң актілерінің, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлігін арттыру қажет.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.
Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.
Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдігін көрсете де бiлдi.
Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естеріңiзге салғым келедi.
Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегі комитет құру қажет.
Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажетті жағдайлар жасалуы тиiс.
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.