Қазақша реферат: Абылай ханның әлеуметтік саяси билігі

0

Жоспар:

1 Кіріспе   бөлімі: « Абылай  хан  өміріне шолу»

2 Негізгі бөлім:  «Абылай  ханның  қол  басшылық  саясаты»

3 Қорытынды   бөлім:  Қорытындылау.

Абылай   ханның   әлеуметтік  саяси  билігі

  1. Абылай- қазақ феодалдық мемлекетінің   бұрынғы  шекарасын  қалпына  келтіріп  өз  хандығы  кезінде  елдің  саяси- экономикалық  дамуына  бірқатар  елеулі  өзгерістер  енгізген  атақты  мемлекеттік  қайраткер.

Орта  жүздің  сұлтаны  Уалидің баласы  Абылай  (Әбілмансұр)  «1711 жылы        дүниеге   келген.  Атасы- Түркістан қаласының билеушісі  әскери  жорықтармен    ерекше  көзге  түсіп,  алайда  озбырлығынан  «қанышер»  деген  жағымсыз  атқа  ие  болған.  Абылай  он  үш  жасында  әкесінен  айрылып,  әкесінің  қызметшісінің  көмегімен  жауларынан  қашып құтылып, Түркістан жеріне  келген.  Осы  кезден-ақ  Абылайдың  ойынан  ірі  қайраткерге  тән  қасиеттер байқала  бастады. Ақылы  мен  ержүректігімен табандылығымен  ерекше  көзге  түскен.  Қашып  жүргенде  аты-жөнін  жасырып  «Сабалақ» атанған. Абылай  орта  жүз  ханы  Әбілмәмбет  сарайындағы  ақсүйектерге келіп  қосылады.

15  жасынан  Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күреске  белсене  ат  салысқан. Абылай  қазақ  батырлары,  билері  және   сұландары  арасында  белгілі  болды. Бұл  кезде  Абылай  қазақтарды  біртіндеп  жоңғар шабуылдарынан  құтқарып,  елдің  тыныштығын,  жердің  бірлігін  қамтасыз  етуді  мақсат  етіп  қойған.

Қазақ  халқының жадында тарихында  Абылай ханның  алатын орны  ерекше. Абылай  хан  қазақ  мемлекеттілігін орнатып,тәуелсіздігін  сақтау                  жолында  өзінің  дипломатиялық,  саяси-қоғамдық   қызыметін  жүргізді. Батыстан-Ресей, шығыстан-Жоңғар мен Қытай  мемлекеттері қазақ  даласының табиғи  бойлығы мен ұлан ғұмыр  әсеріне көз  алартып, жаулап алу саясатын  жүргізе бастаған кез болатын.  Бұл кезеңді Шоқан Уалиханов «Дүрбелеңге толы дүбірлі  кезең Абылайдың  тапқырлығы мен  табандылығы,  ақылдылығы мен  алғырлығын танытуға  жағдай жасады» деп бағалады.

Абылайдың хандығы тұсында қазақ елінің  әлеуметтік-саяси бейнесін  Бұқар шығармашылығынан табуымыз анық.

Абылай ханның саяси көз қарасының негізгі түп-түйіні бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз, заңға негізделген мемлекет қалыптастыру болды. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен құқықты деңгейде тең қарым-қатынас жүргізіп, қазақ мемлекетінің ішкі саясатына  араласпауды  мойындатты. Абылай хан ішкі дүрдараз, алаусыздықты, сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін тежеп,  билер кеңесінің  қызметін өз қолына шоғырландырды. Шоқан Уалиханов «Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған  бірде-бірі жоқ. Ол  сөз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық шешім халық жиынының  ұйғаруымен ғана жүзеге асыратын. Сөйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес арқылы  шектеп отыратын ру басылары мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды»,-деп хан билігіне жоғары баға берді.

Абылайдың  сыртқы саясатының басты мақсаты – жоңғарлықтардың шапқыншылығын тоқтату болды. Жоңғар мемлекетіне қарсы соғыста Абылай өзінің даналығымен, айлакерлігімен, әскерін көп шығынға ұшыратпай жеңіске жеткені белгілі. Тіпті жоңғар мемлекетінің  ішінде болған алаусыздықты өзінің ыңғайына пайдаланып, билікке таласып жүрген Дабашыны лама Доржыға  қарсы қойып жоңғар мемлекетін әлсіретіп, олардың басып алған жерлерін қайтарып алды. Әбден қалжырап, сыртқы  шапқыншылықтан шаршаған қазақ халқының тұтастығын сақтап қалу Абылай ханның басты мақсаты болды. Ханның осы саясатын Бұқар жырлады.

Абылай хан ұлттық бір тұтастығын бекітіп бір орталыққа бағынатын мемлекет қалыптастыруға барын салды. Хандық билік жүйесі мен ақыл-ойдың күші осылыай бір-бірін толықтырып отырды, және де халықты билікке, бүтіндікке шақырды, елдің бостандығын қамын ойлады. Абылай халықтың алдында беделді жоғары,  терң ойлы, саясаткер білімді адам болды. Абылай сондай-ақ қайраткер болды. Ол халықты бүтіндікке, бірлікке шақырып, көрші дұшпандарға  мемлекет айбарын көрсетіп,  халықтың тәуелсіздігін көздеді. Атақты тарихшы А.Левшин «Ақылды әрі амал тапқыш Абылай сұлтан жоңғар билеп-төтеушілерін алаусыздығын құр жібермей  пайдалана білді және  олардың өзара қарсы  түсуіне әр кезде ықпал етті. Мұның өзі ел тыныштығын сақтау үшін барлық қазақ жүзінің сыртқы қауіпсіздігі үшін, ежелгі жауын ыдыратып, күшін әлсірету үшін соншалықты қажет екендігін түсінеді»-деп жазды.

Қазақ хандығының  жоңғар  әскерін  жеңуі және Қыиай армиясының  түпкілікті  жоңғар мемлекетін құлдыратуы  орталық Азиядағы  жағдайды күрт өзгертті. Жоңғар өскерін жеңуі, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруы  Абылай ханға  деген  халықтың  толық сенімінің  артуы, біртұтас  мықты Қазақ хандығының  пайда болуы Қытай, Ресей  сияқты ұлы  державаларға  деген  саясатын қайта  қарауға алып келді.  Қытаймен  жүргізілген саясатын  «қара қытай қозғалса, ақырзаман болады»-деп Абылайдың Қытайменен соғысын тоқтады.  1757-1758 жылдар арасында  Қытай империясы  жоңғарияны басып қазақ даласына  жорығын үдете түседі. Қытай империясының саны жағынан басым екенін сол уақыттың  талабына сай  қаруланғанын көріп, оларға қарсы  соққы берудің  қиыншылығын Абылай хан көріп тусініп өзінің  көрегендік саясатын ұстанады. Бұл саясат мынандай жетістіктерге жеткізеді.

— Орталық Азияны мекендейтін қазақ елі өз  аумағында тұрып өз ісін өзі басқарады

— Абылай ханды Қытай империясы  қазақ елінің бас ханы  деп таниды.

— Қытай әскерлері  бұрын былай  қазақ әскеріне  деген шапқыншылығын мүлдем тоқтатады.

— Қытай қазақ сауда жолын салып, сауда  сол белгіленген  жолмен жүруін және  сауда жолының қауіпсіздігін сақтайды, мемлекеттік тұрғыда екі  ел тарапынан  кепілдікке,  аманатқа елшілер алмасып отырды.

Абылай ханның екі  бірдей алып елмен шарт жасауы, екі жақтан бірдей көмек  алуы, қазақ мемлекетінің  тәуелсіздігін  сақтауға  пайда тигізді. Демек Абылай ханның жаңбыр-жаңбырдың арасынмен су тигізбей   өту саясатын ұстанғанын  көріп отыр.

Бұқар жырау Абылай жүргізген  сан түрлі саясатын оның әлеуметтік бейнесін өз жырларында  көрсетуге тырысты.  Бұқар жырау Абылайды халық үмітін ақтайды деген оймен  хан бейнесін  асқақ  тұлға ретінде көрсетті. Абылай саясатын үгіттеуші жырау  ретінде:

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың

Әділетпен жүргіздіңіз

Әдепті іске кірдіңіз-

деп ханды көкке көтерді.

Абылай хан  қазақ мемелекеттілігінің бірлігі мен тұтастығына қол сұққан сеператистік тотарды, мемлекет тарапынан  қарсылық көрсеткен ру басшыларына күш көрсетіп отырған. Абылай ханның бұл саясаты баршаға түсінікті, себебі қазақ халқының көшпелі жағдайының  бірлік болмай өзін-өзі сақтап қалуы екі талай болды.

Абылай барда ұрлық, зорлық сөз жойылған

Билерге жеті жарғы ат қойған.

Өзі білген әділетін аяған жоқ,

Өзі өлгенше  тайған жоқ сөзі орнына.

Бұл  халықтың Абылай ханға берген әділ бағасы. Абылай хан шексіз билікке ие болғанымен сот билігіне, билер шешіміне араласпаған. «Мен ханмын бірақ дау болған жағдайда мен мендердің аладрыңа жүгінуім керек. Менің  билеуге білк айтуға шамам келмейді», бұл данышпан Тәуке ханның өсиеті. «Жеті жарғы», «Би ханға да елге де би», деген. «Бір-біріңе деген сөздеріңді өздерің айтыңдар»-деген сөздерінен біз Абылай ханның билер шешіміне араласпағандығын көреміз.

Абылай хан қазақ мемлекетінің негізін нығайтудың бір жолы идеология мен руханият екенін ұғынып, қазақ жұртын бір тудың астына топтастыру үшін ислам дінінің керек екенін де түсіне білді. Абылайдың осы ойын Бұқар жырау халыққа жеткізіп отырды.

Абылай ханның даналығы мен көрегендігі осы бір дала демократиясы мен хандық диктотураны бір жүйеге қалыптастыра білді. Абылай хан өз ордасына үш жүзден кеңесшілер жинады. Бұл,  хан кеңесі деп атады. Осы кеңестің шешімін орындауға хан міндетті болды. Ал билерге халық сайлаған. Әр жыл сайын Абылай хан жалпы халық, ел мемлекет мәселелерін шешу үшін  құрылтай шақырып отырды. Бұл құрылтайға ру ақсақалдары би шешенде, батырлар қатысқан. Билерді  сайлау кеңеске ұсынып отырды.  Дала ұғымы бойынша нағыз шешен би ешкімнің қаһарынан қаймықпайтын, параға сатылмайтын, әрі батыл, әрі адал және әдет-ғұрыппен орныққан елдік  салт сананың білуі шарт болған.

Абылай хан мына мәселелерді  қойып отырды:

  • ынтымақты болып, елдің елдігін сақтау.
  • Ерікті ел тәуелсіздігн сақтау, өзін өзі басқару
  • Елдің, халықтың шаруашылығын нығайтып, елді отырықшы қылу

Абылай хан ұдайы Бұқар жыраудың ақыл кеңесңне зер салып құлақ салып отырды.

  1. Абылай – қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтірі, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына бірқатар елеулі өзгерістер енгізген атақты мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасты.

Пайдаланған әдебиеттер:  Қазақстан тарихы