Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Әкем барда жазылған өлең…)

0

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Әкем барда жазылған өлең...) казакша Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Әкем барда жазылған өлең...) на казахском языке

(Ай туған сәт)

Ай туыпты жұмада әке бүгін,
(Оған сәлем бермесем қателігім).
Ай көрдім, аман көрдім деп айтатын,
Бар емес пе қазақта мәтел-ұғым.
Ақ бұлттары аспанның шудалы екен,
Арасынан шалқақтау туған екен.
Тысқа шығып айға әке бата қылшы,
Алаңдамай сырттағы шуға бөтен.
Ақ қылыштай суырған қыннан лезде,
Өткір екен сәулесі ұрған көзге.
Саулық сұрап Тәңірден бет сыйпайық,
Қара аспанды бұлт баспайтұрған кезде.
«Айдан аман ет Алла, жылдан есен,
Ел ертеңін жарқын ғып нұрбер әсем.
Жауын болып осы айда егін жайға,
Толсын балам осы жыл жырға көшең».

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!