Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жаныс ақынға)

0
50

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жаныс ақынға) казакша Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жаныс ақынға) на казахском языке

Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен* қүсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
Бізге жабы** бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз