Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Ананың сүюі)

0
244

Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Ананың сүюі) казакша Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Ананың сүюі) на казахском языке

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,ана, бала,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше,
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас ед өле-өлгенше.