Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Жиделібайсын жетіңіз)

0

Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Жиделібайсын жетіңіз) казакша Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Жиделібайсын жетіңіз) на казахском языке

Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді?
Соғыспа деп жырлайды
Бұқарекең деген кәріңіз,
Соғыссаң, кетер сәніңіз.
Бізден бұрын өтіпті
Әзіретті Әлі шеріңіз.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз,
Мұсылман болсаң, кетіңіз,
Сырдарияның суынан
Көлденең кесіп өтіңіз.
Үш жыл малды ту сақтап,
Жиделібайсын жетіңіз.
Шұрайлы жердің ұйығы –
Адамы жүзге жетпей өлмеген,
Малы екі рет төлдеген,
Қатын, бала қамы үшін
Солай таман кетіңіз.
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан да былай сөйлеуім
Маған болар ауыр күш.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал, ерегес.
Бұ қылықты қоймасаң,
Құдайдың бергеніне тоймасаң,
Егер тілімді алмасаң,
Көрерсің сонан тепіріш.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз