Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Шексіздіктен сен де бірде оралдың….)

0

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Шексіздіктен сен де бірде оралдың....) казакша Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Шексіздіктен сен де бірде оралдың....) на казахском языке

Шексіздіктен сен де бірде оралдың,
Шексіздіктен мен де бірде оралдым…
Жанарына құйып алып ғаламды,
Біздің ортақ Тағдырымыз жаралды!

Ышқындырып уақыттың сартабы,
Іздегенде жан мен тәнге ортақ үн,
Биіктік боп көріндің ғой, ардағым,
Тереңдік боп, мен өзіңді тартамын!

Мәңгіліктің тынысы едің сен-дағы,
Мәңгіліктің тынысы едім мен-дағы.
Миымызда шыңғырыс бар, аңдағын,
және… жылы жымиыс бар, қандағы…

Жазмыш бізге ортақ Тағдыр жазғасын,
Шаттығымыздың нұры ойнаған көз жасын
Сақтауы үшін,
маған сенген әз басың,
Сақтауы үшін,
саған сенген өз басым,

Жылынамыз бірімізге біріміз,
Сыйынамыз бірімізге біріміз!
Алла Тағала, сіз де өзіңіз біліңіз…
Еш құдаймен бөліспейміз мұны біз!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз