Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлдыз)

0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлдыз) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлдыз) на казахском языке

Аясынан аспанның
Неге, жұлдыз, ағасың?
Жүрегі ме ең жас жанның,
Қайда кетіп барасың?
Зурә сұлу сен болсаң,
Жымыңдамай жерге түс.
Күміс қанат құс болсаң,
Суылдамай көлге түс.
Болсаң үміт қазығы
Орыныңда тұр ақпай.
Қара түннің үстінде
Жан алаулап шырақтай.
Кешкенімде соғыстың
Аласапыран дүлейін,
Сен жарқырат жол үстін
Саған қарап жүрейін.