Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теке діңі)

0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теке діңі) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теке діңі) на казахском языке

Көрінген бір қиырдан Теке діңі,
Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.
Айналған ұшар басын шаңқай түсте,
Қалықтап дүниенің алтын күні.
Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,
Далада шөгіп жатқан арыстандай.
Қалмайды қапталыннан қатарласып,
Сенімен бәске түсіп жарысқандай.
Аспанға биік екен бойлаған шың,
Бір жүріп осылай деп ойлаған кім.
Қызығып келбетіне қарай бердім,
Басында бала кезде ойнағансын.


1947

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!