Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қасиеті халықтың) » ZHARAR
Жақын түскен снаряд
Үй ішіне қалды өтпей.
Тұр күмбезі жарқырап,
Секілді жан бір беткей.
Қалаған тасын алыптың,
Талай күндер жалықпай.
Қасиеті халықтың
Қалыпты оқты дарытпай.
1943.Рыбинский
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com