Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қайтармыз қазақстанға) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қайтармыз қазақстанға) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қайтармыз қазақстанға) на казахском языке

Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны.
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
Құдіретті күшімен,
Құрар жеңіс салтанат.
Қалған бірге жабырқап
Күлер қайта махаббат.
Топырағында туған жер,
Аунап-қунап жатармыз.
Көкорайлы көлдерден,
Кегер үйрек атармыз.
Астымызда жүйрік ат,
Шапқылармыз зымырап.
Асқар тауға шығармыз,
Бұлтымен бір бұлдырап.
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны,
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.

1942. Волхов майданы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com