Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Көрінсейші күн болып) » ZHARAR
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы,
Өзімменен бір болып!
Күннің көзін тасалайды
Кесек-кесек бұлт бүркеп.
Қара ормандар теңселеді
Әлденеге тітіркеп.
Қанды майдан күркірейді
Шабуылға шақырып.
Елім үшін, сенің үшін
Жатыр оқтар атылып.
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы
Өзімменен бір болып!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com