Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Кең өлке) » ZHARAR

0
28

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Кең өлке) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Кең өлке) на казахском языке

О, сүйікті көз жеткісіз кең өлкем,
Сенсің күнім, сенсің айым, сен еркем.
Артымда сен аман қалсаң болғаны,
Бұл өмірден кеткенімде мен ертең.
Шайы орамал шайқалады нуларың,
Бал шараптай бұйра толқын суларың.
Боз топыраққа боз торғайдай шыр етіп,
Түскенімде тербеді от жырларың.
Бойды жазып талай жылдар құрысқан,
Жаңа шыққан қас батырдай ұрыстан.
Тауларыңды қалқан етіп кеудеңе,
Тұрсың қарап таң нұрындай шығыстан.
Сандық таулы, самал желді құба бел
Мәңгілікке мызғымастан тұра бер.
Ерлікпенен елдігіңді көтерер
Ұлдарың бар, қыздарың бар мұрагер.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com