Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жақсылық көрсем өзімнен)

0

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жақсылық көрсем өзімнен) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жақсылық көрсем өзімнен) на казахском языке

Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.

Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр қайда.
«Теңгерер соңыра» — деген сөз —
Тек жұбаткан бір айла.