Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Құлағым бітелген жоқ)

0

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Құлағым бітелген жоқ) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Құлағым бітелген жоқ) на казахском языке

Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып,
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.

Қозғалса ел намысы судай тасып,
Шешенің жақсы ат алмақ соны басып.
«Темірді қызғанда соқ» деген қайда,
Бұл неге қалтырайды қаны қашып?!

Қалың ел оянғанда көзін ашып,
Азаттық, теңдік үшін ұрандасып.
Бас тартқан дер кезінде басшылықтан
Жігерсіз, қайраты жоқ неткен жасық?!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз