Қазақша өлең: Сүйгенім

0

Қазақша өлең: Сүйгенім казакша Қазақша өлең: Сүйгенім на казахском языке

Сүйем десем сенесің бе, маған қарай келесің бе?
Сол жолдарда тұнып тұрған кедергімді жеңесің бе?
Қайғыларым толы болса бұл өмірде мен үшін,
Жаным мені сонда да еш себепсіз сүйесің бе?

Сағынам десем сенесің бе, маған жауап бересің бе?
Сені алып тау шыңына шығып кетсем көнесің бе?
Сол шыңымда сөз айтып, жүрек берсем өзіңе,
Сол жүректі сақтауға жаным менің төзесің бе?

Қызғанам десем сенесің бе,оған тіпті күлесің де,
Сені сүйем сондықтан ғой, жаным мені түсінесің бе?
Алып кетер едім ғой ешбір пенде жоқ жерге,
Кетіп қалсам тіл қатпай жаным мені күтесің бе?

Жаным десем сенесің бе, сен жалғызсың сезесің бе?
Соған сеніп сен маған жүрегіңді бересің бе?
Жіпсіз маған байланып жүрегіміз бірігіп,
Мен жыласам жылап тұрып,күле жүрсем күлесің бе?

Өмірім десем сенесің бе, дауа бермей жеңесің бе?
Ешбір жара салмай, мен үшін өмір сүресің бе?
Сен қайғырсаң қайғырып, қуанышыңа қосылып,
Жаным мені дәл өзімдей айтшы ессіз сүйесің бе?