Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Балпаң, балпаң басқан күн)
Балпаң, балпаң басқан күн,
Бай ұлынан асқан күн,
Орманбет би өлген күн,
Он сан ноғай бүлген күн.
Жез қарғылы құба арлан
Жетіп түлкі шала алмай,
Жалған аңын ала алмай,
Қорашыл төбет болған күн.
Оң қанатын теріс соғып,
Лашын құс қу ала алмай қалған күн.
Ораздының он ұлы
Ойын салып жүргенде,
Жиырлының жалғызы
Атқан оғын таба алмай,
Жер сабалап қалған күн!