Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны)

0

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны) казакша Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны) на казахском языке

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын.
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын.
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде әрбір істі жұмыстаймын.
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін.
Жетпістен сексен жасқа келген шақта,
Көтімнен кейін кеттім керідеймін.
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған минайым бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда әлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.