Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ТАЛАСЫП НЕ КЕРЕК?)

0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ТАЛАСЫП НЕ КЕРЕК?) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ТАЛАСЫП НЕ КЕРЕК?) на казахском языке

Аулаққа із тастап өмір өткелін ,
Күннің өзі сәулесімен өткенін .
Байқайсың ба , қырға шығып сезінші
Жаймашуақ келіп жеткен көктемін .

Керім дала гүл раушан тағынып ,
Ән құстары қанат қақты сағынып .
Мазалайды жүрек , мүлгіп тұр аспан
Амалсыздан құдіретке бағынып .

Тұтасқандай көк тегене сұр бояу,
Ұқсағандай дүниелер тұр ояу .
Жылы лапті итермелеп асау жел
Адасқандай әлде кіммен жүр жаяу .

Адам пенде аңдысқандай зуылдақ ,
Аптығасың қайда ғана зуылдап .
Асықпағын , аяғыңды санай бас
Тұрған жоқ қой табақ толы қуырдақ .

Тіршілікте өлім деген зор қауып ,
Өміріңе алмайсың ба жол тауып ?
Ажал келіп таусылғанда дәм – тұзың
Қалар бәрі , жиған малың қор болып .

Керегі не , пірлеріңе сүйеніп ?
Бақ таласып , кеуде керіп шіреніп .
Шамаң келсе қайрымдылық жасағын
Жүре бермей көрінгенге тіленіп ? !

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз