Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ)

0
36

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ) на казахском языке

Ойлап едім келіп жетті гүл көктем ,
Жапалақтап қар жауғаны бұл неткен ?
Ықтасында қонақтаған бей уақыт
Көгершіндер көрінбейді теректен !

Шайқатылып тербетілді бұтақтар ,
Өн бойынан ақ көбелек құшақтар .
Ойдым – ойдым жамау жамап ақ көрпе
Жамылған ба , жазықтағы қыраттар ?

Боран соғып буырқанған Ақпанда ,
Күн жылынды соңғы бір рет тоқсанда .
Ақ жаңбырын сездіре ме , тіршілік ?
Нұр көктемім есік ашып жатқанда .

Тағы да мен жаңа өлең бастадым ,
Сағынармын соңы болмас ақ қарым .
Ұяң болған жігіттерге қыз болып
Махаббатқа сыбырлайды ақ қайың !

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!