Қазақша өлең: Серікбай Маханов (СЫБЫРЛАЙДЫ)

Ойлап едім келіп жетті гүл көктем ,
Жапалақтап қар жауғаны бұл неткен ?
Ықтасында қонақтаған бей уақыт
Көгершіндер көрінбейді теректен !
Жапалақтап қар жауғаны бұл неткен ?
Ықтасында қонақтаған бей уақыт
Көгершіндер көрінбейді теректен !
Шайқатылып тербетілді бұтақтар ,
Өн бойынан ақ көбелек құшақтар .
Ойдым – ойдым жамау жамап ақ көрпе
Жамылған ба , жазықтағы қыраттар ?
Боран соғып буырқанған Ақпанда ,
Күн жылынды соңғы бір рет тоқсанда .
Ақ жаңбырын сездіре ме , тіршілік ?
Нұр көктемім есік ашып жатқанда .
Тағы да мен жаңа өлең бастадым ,
Сағынармын соңы болмас ақ қарым .
Ұяң болған жігіттерге қыз болып
Махаббатқа сыбырлайды ақ қайың !