Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН) » ZHARAR


Төңіректі ұйқы басқан тым – тырыс ,
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .
Бұлт тізбегі жолға шыққан керуен ,
Түн қызығы қандай қызық серуен .
Әппақ ұндар шашу бейне шашылған
Аяз сорып шырқалады шеру ән .
Ақ орманды таптап басқым келмейді ,
Сыршыл бақтар шақырады кел дейді .
Ақ сақалды бұтақтарды долы жел
Мазалайды өзіне ерік бермейді .
Тасаланып қалықтай ма Ай көктен ,
Елегізіп қарай берем әйнектен .
Сағыныштың куәсі боп сол түні
Өлең болып кетпей қойды бойжеткен .
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com