Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАРА БҰЛТ)

0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАРА БҰЛТ) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАРА БҰЛТ) на казахском языке

Қара бұлт қаптап шың басын ,
Түйдектей төкті тұнбасын .
Тал менен терек мүлгиді
Күткендей болып сырласын .

Төгесің моншақ селдетіп ,
Кетасің кейде желдетіп .
Сағына күтіп Жер – Ана
Құшағын жайды тездетіп .

Тоқтаусыз ешбір көшесің ,
Тау менен тастан өтесің .
Аспанды тіліп қамшыңмен
Шартылдап барып өшесің .

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!