Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАРА БҰЛТ)

Қара бұлт қаптап шың басын ,
Түйдектей төкті тұнбасын .
Тал менен терек мүлгиді
Күткендей болып сырласын .
Түйдектей төкті тұнбасын .
Тал менен терек мүлгиді
Күткендей болып сырласын .
Төгесің моншақ селдетіп ,
Кетасің кейде желдетіп .
Сағына күтіп Жер – Ана
Құшағын жайды тездетіп .
Тоқтаусыз ешбір көшесің ,
Тау менен тастан өтесің .
Аспанды тіліп қамшыңмен
Шартылдап барып өшесің .