Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚАЙТАДАН ТУЫЛАДЫ)


Шашу қып , шашып тастап жапырақты ,
Сұрша күз тұла бойды қалтыратты .
Жел тұрып әуедегі бұлтты қуып
Тағынан мимырт жазды жалтыратты .
Сұрша күз тұла бойды қалтыратты .
Жел тұрып әуедегі бұлтты қуып
Тағынан мимырт жазды жалтыратты .
Сарғайған жапырақтар түсіпжатыр ,
Тапталып жер бетінде шіріп жатыр .
Құйын кеп сай – саланың төңірегін
Аралап піспегімен пісіп жатыр .
Уақытпен өз керегін санап алды ,
Таңбасын сұлулықтың таңдап алды .
Көйлегін шешіндіріп тал біткеннің
Табиғат көріктерін тонап алды .
Бүлкілдеп бал – бұлақтар сыңғырлайды ,
Жағадан қыз әуенін күз таңдайды .
Сәлемін естігендей сағыныштың
Мұңайып гүл қурайды , сылдырлайды .
Жаңбыр боп шаң – топырақ суырады ,
Бар аймақ көк суына жуынады .
Үзілген жапырақтар келер жылға
Қайтадан бүршік жарып туылады .