Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Жаз)
Жаз келіп жайды құлаш халайыққа,
Өлшейік ғибрат көзбен қарайық та.
Жадырап жазылды жан қысылғаннан,
Дәулетке хақтың берген қанайық та
Бәрі әзір, бәрі тегін трлі неғымет,
Мұны бір ұжымақ деп санайық та…
Қаз қаңқыл, үйрекм сымпыл, аққу сыңқыл,
Еткенге құлақ түріп салайық та.
Құс, құрттар білген әнін жырламақ та,
Тым-тырыс біз де үндемей қалайық па?
Жер жайып, түрлі кілем той қылмақшы,
Кел, қазақ, тойға таман барайық та…
Кеңіген, бейілденген мезгілінде,
Тосаңсып жатырқауың ылайық па?..