Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн….)

0

Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....) казакша Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....) на казахском языке

Жеткізбей арманыма іркеді күн,
Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң.
Жанарым мөлдір тамшы төккенінде
Жүрегін орамал қып сүртеді кім…

Сөздерің сенің ғана жылытады,
Көңілдің өзіңе аян сыры тағы.
Күнтізбе бетін санап отырамын,
Жылжымай ол да дымды құрытады.

Сергелдеңге салады күнім, түнім.
Уысында уақыттың үгітілдім.
Күтуден талып кетті қарашығым,
Көзінен өпші келіп үмітімнің.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!