Қазақша өлең: Құралай Омар (Жасын ойнап…..)

0

Қазақша өлең: Құралай Омар (Жасын ойнап.....) казакша Қазақша өлең: Құралай Омар (Жасын ойнап.....) на казахском языке

Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым,
Сенi ойлаған бұл менiң жабығысым.
Анау жасын – жарқылдаған жанарың,
Ал тамшылар – мөп-мөлдiр сағынышым.

Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Бөлмем мұң.
Кезiп кеттiм су көшенi ертемен.
Анау отты көздерiңнен көргенмiн,
Сол от саған ғашық еткен, өртеген.

Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Шөлдедiм.
Сусын емес, жылы сөз бен сезiмге.
Толтыра алмай күтудiң көк шөлмегiн,
Аласұрдым!
Таусылды ғой төзiм де!