Қазақша өлең: Құралай Омар (Көктемгі меланхолия)

0

Қазақша өлең: Құралай Омар (Көктемгі меланхолия) казакша Қазақша өлең: Құралай Омар (Көктемгі меланхолия) на казахском языке

Жүрек шіркін тапса деймін тез емін,
Қиялымды қанат қып кеңістікті кеземін.
Өзіңді іздеп… Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
…Сағынышың екенімді сеземін.

Өзің ғашық гүл-өңім
Сарғаймасын, жайнасын деп
Жылап тұрып, күлемін…
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегіңнің төрінде мен жүрмін ғой, білемін.

Өлшер ме еді сағыныштың салмағы мен көлемін?..
Өз өмірім өз қолымда, өзім ғана төремін.
Десем дағы… жете алмай,
Арманымның әлемінде жолығып,
Тек түсімде көремін.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз