Қазақша өлең: Қазағым менің

0

Қазақша өлең: Қазағым менің казакша Қазақша өлең: Қазағым менің на казахском языке

Қарашы мынау кең байтақ жатқан далама,
Осыдан асқан жұмақ жоқ ешбір адамға.
Бабамның маған қалдырған осы мұрасын,
Мұраға тастап кетемін мен де балама.

Қазағым менің,
Айбынды менің дана елім,
Тарихтан білем бабамның асқан ерліген.
Өзіңнің мына мұраға берген жеріңді,
Күзетіп жүрмін,күзетіп жүрмін мен бүгін.

Сіңбесе мейлі еңбегім мына қоғамға,
Жерімді осы бермеймін ешбір наданға.
Бабалар мұны аманат етіп қалдырған,
Басқаға емес қазақтың қайсар ұлына.

Қазақпын менде,
Қазақ деп соғар жүрегім,
Не десең о де жоқ менің басқа ермегім.
Кім көрінгенді асырау емес мақсатым,
Қазақтың жері қазақтар үшін демегім.

Бабамның маған мұраға берген жерінде,
Кім көрінгендер ойнақ сап жүр ғой көрдіңбе.
Ояншы қазақ,
Ойланшы қазақ баласы,
Бабамның жері бұйырсын десең өзіме.