Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)

0

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық) на казахском языке

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым,
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын.

Сырғып аққан сынаптай
Сабырлы өзен, салқын су,
Толқыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.

Қанаттанып жағаңда
Еді-ау бір кез ол ұшқан,
Сол бір аққу мен едім,
Келіп тұрмын алыстан.

Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын
Келмеуші ме ем ән шырқап…

Ойын, күлкі әзілмен
Бойыңда өткен талай күн…
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.