Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Балқаш)

0
143

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Балқаш) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Балқаш) на казахском языке

Көргенімде сені алғаш,
Көл едің бір жап-жалаңаш.
Келдім тағы, койныңды аш,
Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш.
Өзгеріпсің таңғажайып,
Құшағынды еркін жайып.
Сәулетті үй, сәнді сарай,
Көз тойғысыз қарай-қарай.
Сені мұнша кім өзгерткен,
Елін қалай тез ер жеткен?!
Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш,
Туған жерге нұрыңды шаш.