Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Тамшы-тағдыр)

0

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Тамшы-тағдыр) казакша Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Тамшы-тағдыр) на казахском языке

Алматы. Жып-жылы жаңбыры
Жанына ол қыздың ұнайтын.
Ал оның тағдыры, жан-мұңы
Жарысып жаңбырмен жылайтын.

Ақ нөсер астында тұратын,
Оларда ұқсастық бар шығар.
Бір-бірін тек үнсіз ұғатын.
Тамшыға қосылып тамшылар.

Қарайтын тамшының көзіне
Себебі, тым жақсы көретін.
Мөп-мөлдір моншаққа өзі де
Айналып кеткісі келетін…