Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Ертіс те Баян жаққа бұрылыпты)

0

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Ертіс те Баян жаққа бұрылыпты) казакша Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Ертіс те Баян жаққа бұрылыпты) на казахском языке

Төлеутай Ақшолақовқа

Ертістің таң-тамаша тоғайы бар,
Баурында өсті біздей талай ұлдар.
Қарадым қайыңдарға қайда екен деп
Бір өскен жас түлектер, ағайындар.

Желпінткен екеуміздей жас құрағын
Есіңде жасыл нулы атырабың.
Әлі тұр ақ қайыңдар, құба талдар,
Өзенге қатар жайып жапырағын.

Сол шақтың есіп жібін үзілмеген,
Жөнелдім бала күнгі ізімменен.
Көзіме түсті сонау жас қос ағаш
Екеуміз доланасын үзіп жеген.

Естілді құлағыма думан шулар,
Қайран сол балалықтың мәз даусы бар.
Қос тентек Сампырбай мен Торпақ сонда
Қиқулап құмда асыр салған шығар.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!