Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бозбалаға)

(әзіл)
Шағың ба бұл суынар,
Неге тұрсың қуарып?
Бақшада көп сұлулар,
Қайт көзіңді суарып.
Ізде бақтан сәулеңді,
Ора, бірін құшаққа.
Күндеймін-ау сендерді,
Қыздар – сұлу бұл шақта.
Отты көзді қалқаның
Оттан ыстық жаны бар.
Өзім талай байқадым,
Көрсең жаның жалындар.
Қадалса ғой көзі бір,
Жігітім-ау,білер ең.
Сезгің келсе, өзің жүр,
Қызғанбасаң, мен ерем…
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!