Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

0

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым) казакша Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым) на казахском языке

Есігімнің алдында
Бәйтерек бар тым биік.
Тәкаппар бір қалпында
Жайқалады дүрдиіп.

Осы терек сірә да
Құрдас шығар менімен.
Бірақ бейне мұнара,
Дәйім асқақ керілген.

Құрдас жылдар өткен бе,
Ақшаланды бұл басым.
Жапырақ жайып көктемде
Жасарады құрдасым.

Ол тұр асқақ сипатпен
Биігіндей қиялдың.
Ақ шашымды сипап мен,
Бәйтеректен ұялдым…


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз