Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік)

0
193

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік) казакша Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік) на казахском языке

Ә дегенге мә десіп, өре тұрып,
Бет ауызды соққыға бере отырып,
«Құладым деп оқыста» ата-анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!

Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып-ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге «әліде жап-жассың» деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!

Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
«Айығып-ақ кетесің»,- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!

Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік-ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!