Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Түз тұрғынының тілек тілеуі)

Сен қаласаң,
От демеймін отыңды.
Отқа кесіп лақтырамын етімді.
Арманымдай аяулы тал боп шығар,
Қарақұмға қалдырайын өтімді.
Су тілейді
Таңдайы құм-құмайттың.
Сен деп күйдім,
Күйігімді молайттым.
Суйем деген сөзді айтқызба,
Одан да
Сүйіктің боп өлемін бе?
Соны айтқын!