Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Ай)

0

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Ай) казакша Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Ай) на казахском языке

Жібек өңді жанымен жаралы ару,
Жылытпайды-ау сертімнің сары алауы.
Мені іздеумен сабылып әлі жүр ме?
Мен бармайтын теңіздің жағалауын.
Сағынышың дерт болып мені іздеуден,
Уақыт уатып сенімді өлі іздерден,
Бос шөлмекке хат салып сосын,сәулем,
Жауап күтіп тұрдың ба теңіздерден.
Ойға шомып қайталай сауалыңды,
Қытықтатып толқынға табаныңды.
Уақыт өтіп жатты ма үнсіз ғана
Бір салып,бір алумен аяғыңды.
Күте бердің өзгерген кезде ғалам,
Ойланбайды күткенде өзгені адам.
Ақындығы ақынның күнәсінде
Сұлулығы сұлудың көзде ғана.
Мен келдім ғой өткізіп сан кемелер,
Бақыты көп өмірдің сен кенелер.
Сүймегені секілді мені ешкімнің
Мен де ешкімді сүймедім сенсең егер!
Жібек өңді жанымен жаралы ару,
Жылытпайды-ау сертімнің сары алауы.
Мені күтіп жүр ме екен жылатып ап
Мен бармайтын теңіздің жағалауын.
Күтсең ғана келеді шынайы бақ…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!