Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пай, пай, Өмір! )

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пай, пай, Өмір! ) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пай, пай, Өмір! ) на казахском языке

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген — бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін — ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін — тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін — өлемін деп қарамау.