Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар) на казахском языке

Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар — асыл жандар!
Арулар — асыл жарлар!
Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар — асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар…
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар — аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар — тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!