Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақиқаттың ауылы)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақиқаттың ауылы) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақиқаттың ауылы) на казахском языке

Жол қайда ақиқатқа апаратын?
Ел қайда ақиқат деп аталатын?
Айлакер, арамзалар, алаяқтар,
Аяғы көктен келіп, маталатын?
Сол елде адамға адам — дос бауыр ма?
Адамға ақ жанынды тосқанынща,
Ақ көңілдер тоғысып, ақ арнада,
Аға ала ма, кездеспей тосқауылға?
Шомылып ақиқаттың өзенінде,
Шыныға ма, шындықтың өз елінде?
Жалғыз түйір арамдық жоқ та шығар,
Адамдардың санасы, өзегінде?
Атыменен жоқ болар өсек деген,
Қылға тізіп қылтанақ есептеген?
Атпайтын да шығар-ау бірін-бірі
Оқпен, таспен немесе кесекпенен.
Алауыздық әкелген адамдарға,
Онда орын жоқ шығар арамдарға?
Бар болса егер, сүреді қайтіп өмір,
Ақиқаттың сүңгісі қадалғанда!
Ақиқаттың ауылы — Ұлы Отаным.
Атқызып тұр шындықтың құла таңын.
Ақиқаттың жолынан тайып кетсем,
Алдьіна кеп жүгінем, сынатамын…
He десе де Ұлы Отан ұнағамын.