Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әкеме)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әкеме) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әкеме) на казахском языке

Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым,
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!