Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Абақтыда айт күні)

0

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Абақтыда айт күні) казакша Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Абақтыда айт күні) на казахском языке

Күзетшілер оянды ерте ақырып,
Шай алуға тұтқындарды шақырып.
Бейшаралар уқалай көзін жүгірді
Тастаған ғой тізесін әбден батырып.
Шуласып жүр айт құттықтап жиылып,
Құтылсақ деп іштерінен сиынып,
«Он екі айда бір келген шәриф айт күнін
Өткізбек шадлықпен» деп күйініп.
Ac қадірін қайдан білсін қарны тоқ?
Бос адамда тұтқын үшін қайғы жоқ.
Қатын-бала, дос-жарымен мәз болып,
Ойнап-күліп, сұхбатласып құрған топ.
Хафа мен Офа екеуі де алладан,
Мойын ұсынып міскіннің көбі зарлаған.
Шаттанайын десе дағы айт күні,
Беттерінде қан тамшысы қалмаған.
Асырайды шықпастай қылып шыбын жан,
Сөткесінде екі қадақ қара нан.
Көкшіл сорпа, ширек қадақ жасық ет.
Сорлы тұтқын бәйге атындай жараған.