Қазақша өлең: Мен — қазақпын!!!

0

Мен — қазақпын, Абаймын, Құнанбаймын!
Мәнгілік құламайтын шынардаймын.
Құлағы кереңдер естіп алсын.
Мың мәрте қазақпын деп ұрандаймын.

Мен — қазақпын, Абылай, Жәнібекпін!
Ұлылықты ұрпаққа тәлім еттім.
Орыс құрған орданы бұзып шығып,
Нұрсұлтандай қазақты ханым еттім.

Мен — қазақпын, Қайратпын, елім деген,
Ел үшін ешнәрседен шегінбеген.
Мен қазақпын деп тұрғам қаймықпастан,
Бетпе бет келген кезде өлімменен.

Мен — қазақпын, Шаханов Мұхтар едім,
Ешкімнен сескенбедім, бұқпап едім.
Колбиндей шүрегейге бой берместен,
Ұлтым деп ұрандатып шыққан едім.

Мен — қазақ, шоқ боп батып, от боп аттым,
Жаңаөзенде өз елімді оқ боп аттым.
Сонда да өз ұлтымнан безінбеген,
Мен — қазақпын, Тоқтармын, Бекполатпын!

Мен — қазақпын, Заманбек, Алтынбекпін!
Аямай жан бергенмін, халкым деп мың.
Кейбіреуше атақ пен байлық жимай,
Жарқын келіп, өмірден жарқын кеттім.

Мен — қазақпын, Жүрсінмін, Айтақынмын!
Айтыста Алаш мұңын айтатынмын.
Ораз боп кетсем дағы оралмасқа,
Жаңғырып Жандарбек боп қайта тудым.

Мен — қазақпын, Айбекпін, Балғынбекпін!
Елді жырлап батасын алдым көптің.
Ел мұңын естіртем деп кереңдерге,
Арасында қалғанмын сан дүрмектің.

Мен — қазақпын, Ринатпын жанған ұлмын!
Шындық әнін Шынболатша салған ұлмын.
Патшаға дат айтам деп, қаймықпастан,
Сан айтыстан шеттеліп қалған ұлмын.

Мен — қазақпын, Сәбира, Ләззатпын мен!
Өмірімді ауыстырдым азат кунмен.
Досым да, дұшпаным да естіп алсын,
Мен — қазақпын!
Қазакпын! Қазакпын мен……………!