Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсінбей қойдым)
Түсімбей қойдым бұл сырдың тегі күшін мен,
Есімнен күндіз кетпейсің, түнде түсімнен.
Жаныңда бірге бола алмай кеттім соңғы кез,
Болды ма күндер жаныңа сызат түсірген?
Есімнен күндіз кетпейсің, түнде түсімнен.
Жаныңда бірге бола алмай кеттім соңғы кез,
Болды ма күндер жаныңа сызат түсірген?
Түсінбей қойдым, түсінбей бәлкім жүрмін мен,
Жазылмай кетті шабытты,сырлы жыр мүлдем.
Кеудемнен кері итеріп әлі келесің,
Салқындық па екен кім білген?
Түсінбей қойдым,түсіндіре алмай жүрсің сен,
Қуансам күлкі, қайғы боп шықтың күрсінсем.
Сен мені қалай ойласаң, солай ойлай бер,
Ал,өзің маған мәңгілік солмас гүлсің сен.