Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйе бергін)
Бал татырып таңдайға жиелі ернің,
Сүй жаным, сүйші, сүйші сүйе бергін.
Есім ауып Ләззаттан кетсем егер,
Құлап барып өзіңе сүйенермін.
Сүй жаным, сүйші, сүйші сүйе бергін.
Есім ауып Ләззаттан кетсем егер,
Құлап барып өзіңе сүйенермін.
Сүйші әйтеуір, сүйші бір құмарланып,
Кетсін бір сәт көз алдым тұманданып.
Ерніңнен ес жиып емделейін,
Тек өзіңе жүректен жыр арналып.
Құшағыма ен, армансыз аймалаған,
Тіршілігін тәрк етіп айналаның.
Сүйші кәне шөліркеп келгендей бір,
Құлыңа тек бір сенің айналамын.
Қалмасыншы ақыл –ой, есімде түк,
Ғашықтықтың білем мен несін жетік.
Сүйші, жаным, сең соққан шабақтай боп,
Жатайында жансыздай есім кетіп.
Сүйші, сүйші, құшақтап құмарланып,
Менменсіген масаңдау мысымды алып.
Рахаттан айналсын басым менің,
Айыра, алмай, өңім бе, түсім бе, анық?!