Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сезім сергелдеңі)
Мен жүрсем санап жаныңды сенің арай шын,
Сезімді неге сағымға әкеп орайсың.
Қуанту үшін жүрсем де іздеп күн сайын,
Неліктен қабылдамайсың?
Сезімді неге сағымға әкеп орайсың.
Қуанту үшін жүрсем де іздеп күн сайын,
Неліктен қабылдамайсың?
Кездессін мейлі, жолыңда алынбаған шың,
Тек өзің сенсең бұл мендік жанымдағы айсың.
Сүймесең егер, қинама қысқа ғұмырда,
Өтінем, сағынбағайсың.
Демеші және жұлқынып жалындамайсың,
Тапқаның адал болсын да, табылмағай сұм.
Болса егер менде телегей теңіз жақсылық,
Тек өзің бәрін алғайсың.