Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өлең жаздым өзіңе) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өлең жаздым өзіңе) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өлең жаздым өзіңе) на казахском языке

Жан сергіткен өзіңсің,тау самалым,
Жетерлігін, білмеймін қашанға әлім?
Өлең жазып өзіңе барам әлі-ақ,
Қарсы алмасың, белгісіз,қарсы аларың.

Күттің кеше, бәлкім сен бірсікүні,
Менсіз өткен мезі етіп тіршілігің.
Терезесін ашайын көңілімнің,
Шуақ болып жаныма кірші,күнім.

Дедім бе екен, кімге енді ақтарылам,
Сені іздедім қаланың бақтарынан.
Күнде күтіп, күнім-ау, жанарымды,
Өзің келер Оңтүстік жаққа бұрам.

Болғаннан соң қуаныш,сезім де кем,
Мұңды күйдің пернесін безілдетем.
Бақытым да, бағым да, байлығым да,
Біле білсең тек сенің өзіңде екен.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com