Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Не болып кетті)

0

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Не болып кетті) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Не болып кетті) на казахском языке

Не болып кетті дүние,
Қол үзгенім бе сенен мен?
Шақтарым сирек шатыққа қазір бөлеген,
Амалым қанша, алыстап менен кеткен соң.

Не болып кетті кездесу,
Құшаққа құшақ айқасқан.
Лүпілін жүрек ерінмен,көзбен байқасқан.
Екеуден екеу кездесіп қалсақ,жарқыным,
От шығатын-ды гауһар түгілі жай тастан.

Не болып кетті ғашықтық,
Бөлектеу жүрсе қайғы мен мұңға бататын.
Бал күндер қайда еріннен бал дәм тататын,
Өзіңді қайдам, мен сені іздеп жүрмін көп.
Жаныма жақын болған соң, жаным, аса тым.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз